ОПЕК + елдерінің бір бөлігі мұнай өндіруді ерікті түрде төмендете бастады

Жарияланды
Страны, не входящие в ОПЕК, увеличат добычу нефти

ПЕК+ келісіміне мүше бірнеше мемлекет мамыр айынан мұнай өндіру көлемін ерікті түрде азайта бастады. Бұл процес 2023 жылдың соңына дейін жалғаспақ. Өндірістің қысқаратын жалпы көлемі тәулігіне 1,66 млн барельді құрайды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Мұнай өндіруші алып Сауд Арабиясын қоса алғанда ОПЕК+ ұйымына мүше кейбір елдер 3 сәуір күні өткен альянстың министрліктер мониторингінде 2023 жылдың мамыр айынан бастап, жыл соңына дейін мұнай өндіру көлеміг ерікті түрде қысқартатыны туралы кенеттен мәлімдеме жасады.

Мониторинг мәжілісінен соң ОПЕК сайтында жарияланған мәлімдемеде мұнай өндіру көлемін қысқарту жөніндегі алдын алу шарасы мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталғандығы айтылған.

Мұнай өндіру көлемін қысқартатынын ОПЕК+ ұйымына мүше 9 мемлекет мәлімдеген. Олардың ішіне Сауд Арабиясы мұнай өндіру көлемін ерікті түрде тәулігіне 500 мың баррельге, Ирак – 211 мың, БАӘ – 144 мың, Кувейт -128 мың, Қазақстан 78 мың, Алжир – 48 мың, Оман 40 мың, Габон 8 мың, Ресей 500 мың баррельге қысқартпақ.

Мұнай өндіру көлемін ерікті түрде қысқарту ОПЕК+ ұйымының 2022 жылдың қараша айынан бері қолға алынған өнімді тәулігіне 2 млн беррельге дейін азайту туралы жоспарын толықтыру шарасы болмақ.

Сондай-ақ оқыңыз