Жаңалықтар

АҚШ-та шетелдіктерге міндетті вакцинация талабы алынып тасталды

сша
Фото: Shutterstock

АҚШ үкіметі 12 мамырдан бастап Америкаға келетін шетел азаматтары үшін коронавирусқа қарсы екпе алуды міндеттейтін талаптың күші жойылатынын хабарлады.

«11 мамырдан кейін федералды ведомстволардың қызметкерлері, федералды келісімшартпен жұміс істейтіндер және халықаралық әуе рейстерімен келетін жолаушылар үшін міндетті COVID-19 вакцинациясы туралы талапты алып тастайтынын жариялаймыз», – делінген Ақ үй мәлімдемесінде.

АҚШ елге кіретін шетелдіктерден 2021 жылдың қараша айынан бастап COVID-19-ға қарсы вакцинаның толық егілгенің туралы куәлікті талап ете бастады. Бұл ретте АҚШ немесе ДДҰ мақұлдаған вакцина туралы анықтамалар ғана қабылданады.

2023 жылдың сәуірінде АҚШ президенті Джо Байден COVID-19 салдарынан 2020 жылы енгізілген ұлттық төтенше жағдай режимін жойды.

Коронавирус пандемиясы Қытайда басталды. Вирусты жұқтырғандар Қазақстанға 2020 жылдың 13 наурызынан анықтала бастады. 15 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағында  Төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. 19 наурыздан Астана мен Алматы қалаларында карантин енгізілді.