«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталады

Жарияланды

15 мамырдан бастап жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй қарыздарын алуға өтініш пен құжат қабылдау басталады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы жастары» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Өтінім 31 мамырға дейін қабылданады.

Мұғалім, дәрігер, оқытушы, мәдениет және спорт саласының қызметкері және т.б. бюджеттік ұйымдардың сұранысқа ие мамандары несие алуға құқылы.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін тағы 100 қарызға лимит ұлғайтылды: мұғалімдер үшін – 50, дәрігерлер үшін – 50. Соның арқасында 1100 жас отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.

Қатысу үшін негізгі талаптар:

– Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (35 жасқа толғандарды қоса алғанда), өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса) бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;

– Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы.

– Қатысушының Алматы қаласында келесі санаттар бойынша міндетті зейнетақы аударымдарымен кем дегенде соңғы 6 ай ішінде ресми жұмыс өтілінің болуы: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары және қалалық коммуналдық қызметтері

Сондай-ақ оқыңыз