Алматыда BAIQONYR халықаралық кинофестивалі өтеді

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

2023 жылдың 6-10 қыркүйек аралығында Алматыда BAIQONYR халықаралық кинофестивалі өтеді. Фестиваль биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отыр.

Фестивальдің конкурстық бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 5 мамырда басталады. Халықаралық конкурстарға өтінімдер 1 шілдеге дейін, Ұлттық конкурстарға 1 тамызға дейін қабылданады.

Биыл кинофестивальге қысқаметражды ғана емес, сонымен қатар дебюттік толықметражды фильмдер да қатысады.

«Кинофестивальдің миссиясы – кинематографтың дамуына жәрдемдесу, талантты авторларды қолдау және қазақстандық мәдениетті әлемдік кино қоғамдастығына ықпалдастыру», делінген хабарламада.

Baiqonyr-2023 байқау бағдарламасының толық тізімі келесідей:

  • Халықаралық дебюттік толықметражды көркем фильмдердің байқауы;
  • Халықаралық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы;
  • Ұлттық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы.

Конкурстан тыс бағдарламада ТМД елдерінің кинотанушылары мен сыншыларының II форумы өтеді, оның жұмысына 30-дан астам шетелдік мамандар қатысады.

Бұған дейін қазақстандық «Бесік жыры» анимациялық фильмі Испания кинофестивалінде үздік атанғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз