Forte Bank 2022 жыл үшін 49,04 млрд теңге дивиденд төлейді. Бұл туралы қаржы ұйымы акционерлері жылдық жиналысында шешім қабылданған. Осылайша, компания өткен жылғы таза пайдасының жартысын (97,3 млрд теңге) дивиденд төлеуге жұмсайды.
Бір акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 0,5421 теңгені құрайды. Төлем 2023 жылғы 4 мамырдан төлене бастайды. Төлем бір уақытта бір төлеммен жүзеге асырылады, делінген Forte Bank-тің Қазақстан қор биржасына ұсынған ақпараттық хабарламасында.
48,2 млрд теңге дивидендтер төленгеннен кейін таза пайданың қалған бөлігін акционерлер Банктің қарамағында қалдыруға шешім қабылдады.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша банк кірісі 34,8% – ға, таза пайда 53,1% – ға өскен. Банктің мәлімдеуінше оған активтердің ұлғаюы ықпал еткен, атап айтқанда, банк несие портфелін 45,1% – ға арттырды, ал нарықтағы орташа көрсеткіш 24%.
Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мемлекеттік қолдау алған банктерге дивиденд төлеуге тиым салынатынын хабарланған еді. Қай банктердің мемлекеттен қаржылай қолдау алғанын бұдан бұрын жазған едік.