Қазақстаннан Ресейге 1 айда 20 млрд теңге аударылған

Жарияланды

Фото: kursiv.media

ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, наурыз айында ақша аудару жүйесі арқылы шетелге 74,2 млрд теңге кеткен. Өткен аймен салыстырғанда бұл 14,6 млрд теңгеге артық. Көрсеткіш екі ай қатарынан өсіп келеді, деп жазады Бірінші несие бюросы.

Ресейге жіберілген қаражат көлемі бірден 5 млрд теңгеге артып, 20 миллиард теңгені құрады. 2022 жылмен салыстырсақ, бұл өте үлкен көрсеткіш. Ал 2021 жылы Қазақстаннан Ресейге жіберілген қаржы үлесі мардымсыз болған.

Ресеймен қатар, Өзбекстан мен Түркияға да аударылған қаржы көлемі өскен. Түркияға 21 млрд теңге аударылса, Өзбекстанға бір айда 13,9 млрд теңге жөнелтілген.

Сонымен қатар, Грузияға бағытталған қаржы үлесі де артып келеді. Бұл елге 7,9 млрд теңге немесе бүкіл трансферттің 10,7 пайызы жіберілді. Оның үлесі 2017 жылдың қаңтарынан бері осыншалық жоғары болған емес.

Жалпы, бірінші тоқсан қорытындысы бойынша шет елдерге 182,9 млрд теңге жіберілген. Бұл – 2020 жылдың басынан бергі ең төменгі көрсеткіш.

2022 жылғы қаңтар–қараша айларында ҚР-дан шетелге халықаралық ақша аудару жүйелері (ААЖ) арқылы 962,7 млрд теңге жөнелтілген еді. Ал Қазақстанға 2022 жылы 678,5 млрд теңге аударылған.

Сондай-ақ оқыңыз