Жаңалықтар

Петербургте ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануға тыйым салынды

Петербургте ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануға тыйым салынады. Бұл туралы interfax.ru қалалық құқықтық тәртіп және қауіпсіздік комитеті бөлімінің бастығы Александр Равиннің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

«Санкт-Петербург аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттарын ( дрон) пайдалануға болмайды. Қалада көлік комитетінің келісімінсіз дрондарды пайдалануға тыйым салынады», – деді Равин.

Александр Равин тек ерекше жағдайларда ғана дрондарды әкімшілік пен күш құрылымдарының өкілдері пайдалана алатынын атап өтті.

Дрондарға тыйым салу шамамен мамыр айының ортасына дейін созылады.

Бұған дейін Мәскеуде, Мәскеу облысында, Ленинград облысында және Ресей Федерациясының басқа аймақтарында дрондарды пайдалануға біраз уақыт тыйым салынғаны хабарланған еді.

Бұған дейін Ресейлік БАҚ Владимир Путинге қастандық жасалмақ болғанын жазған болатын.