Украинада орыс тілін ескі үлгідегі төлқұжаттан алып тастауды ұсынды

Жарияланды

Украин тілін қорғау жөніндегі уәкіл Тарас Креминь Жоғарғы Раданы ескі үлгідегі азаматтардың төлқұжатынан орыс тілін алып тастауды ұсынды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Біз тіл заңының 8 – бабының бірінші бөлігіне сәйкес, Украина азаматының төлқұжаты туралы ережелерге өзгерістер енгізуді сұраймыз»,-деді ол Media Center Ukraine баспасөз мәслихатында.

 Оның айтуынша, Украинада екі паспорт формасы бар: биометриялық төлқұжаттар және ескі үлгідегі төлқұжаттар. Онда ақпарат украин тілінде де, орыс тілінде де жазылған.

Жоғарғы рада 2019 жылдың 25 сәуірінде «украин тілінің мемлекеттік тіл ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы» заң қабылдады. Құжат азаматтар украин тілін өмірдің барлық саласында қолдануы керек дегенді білдіреді. Бұл заңды бұзғаны үшін 3,4 мың гривен (92 доллар)айыппұл түрінде әкімшілік жаза қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз