Жаңалықтар

Ресей бағалы қағаздарын сатып алған инвесторлар қаржысын қайтарып алу үшін салық төлейді

атака
Фото: Shutterstock

Ресей билігі шетелдіктерге федералдық қарыз облигациялары мен ресейлік акцияларды сатуға 20% көлемінде салық төлеу міндеттемесін енгізді.

Ресей Қаржы министрлігі жариялаған құжатқа сәйкес, Ресейде локализацияланған бағалы қағаздарды, соның ішінде акциялар мен федералдық қарыз облигацияларын сатушылар федералдық бюджетке осы бағалы қағаздардың номиналды құнынан 20% көлемінде ерікті түрде алым төлейді.

Мұндай шешімді 2023 жылғы 24 сәуірде Шетелдік инвестицияларды бақылау жөніндегі үкіметтік комиссияның кіші комитеті қабылдаған. Кіші комиссиясы қабылдаған құжатта резидент еместерден сатып алынған бағалы қағаздарды беретін кезде федералдық қарыз облигацияларымен, ресейлік эмитенттердің облигацияларымен мәмілелерді ресейлік депозитарий жүзеге асыратын жағдайда Ресей бағалы қағаздарының номиналды құнының 20% мөлшерінде федералды бюджетке қаражатты ерікті түрде аудару міндеттемесі жүктелетіні айтылған.

Ал қазақстандық инвестордардың ресейлік облигациялардағы қаражаты 60 миллион долларға жуық. Бұл сома бұдан да артық болуы мүмкін. Өйткені бұл мәліметтер тек бухгалтерлік ұйымдарда ашылған Орталық депозитарийдің шотында есепке алынатын бағалы қағаздардың негізінде алынған.