Dow Jones пен S&P 500 индексі құлдырап жатыр

Жарияланды

фото: kursiv.media

Бейсенбі күні Dow Jones 0,86%, S&P 500 0,72%, ал Nasdaq Composite 0,49%-ға құлдырады. S&P-тің 11 секторының тоғызы минуспен жабылды. Оған банк жүйесінің тұрақсыздығы мен ықтимал рецессияға қатысты ұзаққа созылған алаңдау себеп.

PacWest акциялары калифорниялық банк статегилық қадамдарды қарастырып жатқаны, соның ішінде сатылуы мүмкін деген хабар шыға сала, 50,6% арзандап кетті. Басқа аймақтық банктер де сондай қысымға ұшырап, Western Alliance (-38,4%) және Zions Bancorporation (-12%) акциялары арзандады.

Еуропа қор нарықтары да бейсенбіні теріс мәнде аяқтады: STOXX 600 және DAX 40 индекстері 0,5%-ға төмендеді. Еуропа Орталық банкінің пайыздық мөлшерлемені 25 базис тармаққа көтеру туралы шешімінен нарық құлдырады. Банктің бұндай қадамға баратын анық еді. Алайда былтыр жаздан ақша-несие саясатын қатаңдата басталғалы, мөлшерлемені көтеру қарқыны алғаш рет баяулады. ЕОБ басшысы Кристин Лагардтың баспасөз мәслихатында берген түсініктемесі Орталық банктің жақын арада мөлшерлемелерді көтеру циклін тоқтатпайтынын байқатты. Еуроаймақтың ЖІӨ-сі бірінші тоқсанда небәрі 0,1%-ға өсті.

Ал жапон қор биржалары Конституция күні мен Балаларды қорғау күніне орай 3-5 мамыр аралығында жабық.

Shanghai Composite жұмада 0,71%-ға төмендеп, 3327-ге жетті. Қытайдың қызмет көрсету секторындағы өсім сәуір айында тұрақты болып қалды. Ping An Insurance (0,5%), China Minsheng Bank (5,5%) және Industrial Bank (2,9%) сынды қаржы компанияларының акциялары өсті. BlueFocus Intelligent (-2,5%), Dawning Information (-1,5%) және Inspur Electronic (-4,2%) сияқты ірі технологиялық компаниялар біраз шығынға ұшырады.

KASE индексі 0,4%-ға өсіп, 3 580,5 тармақты құрады. Акциялары қор индексіне енгізілген сегіз компания бағалы қағаздарының саудасы оң мәнде аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыз