Қазақстан әскері қару-жарақты қай елдерден сатып алады?

Жарияланды

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Бүкілармиялық кеңес кулуарында Қазақстан армиясы қай елдің қаруы бар деген сұраққа жауап берді.

«Біздің армияда әртүрлі мемлекеттен жеткізілген қару-жарақ бар. Біз тек Ресей Федерациясынан ғана емес, Түркиядан, АҚШ және Қытай халық республикасынан және басқа да мемлекеттерден сатып аламыз», – деді Қамалетдинов.

Сондай-ақ вице-министр әскердің қай жақта оқу-жаттығудан өтетініне қатысты сұраққа жауап берді.

«Кадрларды даярлау Қарулы күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда жүзеге асырылады. Біздің кадрларды даярлауға әртүрлі келісімшарт пен меморандум жасалды. Әскери қызметшілер дайындықтан Ресей Федерациясы, Беларусь, Түркия, Үндістан, АҚШ, ҚХР, Пәкістан және басқа да мемлекеттерде өтеді. Оқудан бөлек курстық дайындық, сондай-ақ бөлімшелерді бірлесіп даярлау жүзеге асырылады», – деді ол.

Айта кетейік, Астанада мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Бүкілармиялық кеңес отырысы өтіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз