Қазақстандық елден құны 40 млн теңгеден асатын алтын құймаларды шығаруға тырысты

Жарияланды

Шымкент-Ыстамбұл әуе рейсінің жолаушысы алтын құймаларды алып кетуге тырысты. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметі хабарлады.
 
«2023 жылғы 4 мамырда «Ауежай-Шымкент» кеден бекетінің мамандары Шымкент Стамбул халықаралық авиарейсіне қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында «Шымкент» шекаралық бақылау бөлімшесінің (авиациялық) Шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесе, Шымкент қаласы әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің көмегімен Қазақстан Республикасынан заңсыз қымбат металды әкетудің алды алынды және осыған қатысы бар Қазақстан азаматын ұстау жүзеге асырылды»-делінген хабарламада.

Алтын құймалардың жалпы салмағы 1,434 кг (бір килограмм төрт жүз отыз төрт грамм). ҚР ҰБ ресми бағамы бойынша тауардың алдын ала құны – 41 148 000 теңгені құрайды.
 
Осы факт бойынша материалдар ҚР ҚМА Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне процестік іс-қимылдар жүргізу үшін жолданды.

Сондай-ақ оқыңыз