Қазақстанда ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің электронды базасы іске қосылды

Жарияланды
Фото: El.kz

«Ер есімі ел есінде»  ақпараттық плаформасы негізінде құрылған бұл база ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандық ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің аттарын мәңгі есте сақтауға арналған. Оны  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Qazcontent» АҚ әзірлеген.

Аталған базаны batyrlargatagzym.el.kz деректерін сайтына ІІ Дүниежүзілік соғыс жылдарында майданған аттанған туыстары туралы әрбір қолданушы мәлімет енгізіп, деректер базасын толықтыруға қатыса алады.

«Ардагерлер туралы жіберген ақпаратта аты-жөні, туған жері мен жылы, әскери атағы, соғыстағы ерліктері туралы толық мәліметтерін көрсету керек. Сонымен қатар фотосуретінде тіркеу қажет» делінген хабарламада.

Бүгінде елімізде ІІ Дүниежүзілік  соғысқа көзі тірі 237 ардагер қалды. Астана мен Алматы қалаларында оларға ,5 млн теңгеден материалдық көмек берілетіні туралы хабарланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз