Техаста атыс салдарынан тоғыз адам қаза тапты

Жарияланды

Техастың Аллен қаласындағы сауда орталығында болған атыс салдарынан тоғыз адам қаза тапты. Бұл туралы CBS жергілікті полицияның мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін полиция қаза тапқандардың санын атамай, тоғыз адам зардап шеккені туралы хабарлаған. Оқиға туралы АҚШ президенті Джо Байденге хабарланды.

«Сенбі күні түстен кейін Allen Premium Outlets сауда орталығындағы атыс салдарынан тоғыз адам қаза тапты. Сонымен қатар тағы жеті адам жарақат алды. Қылмыскер де қайтыс болды «, – деп хабарлайды телеарна.

Сондай-ақ оқыңыз