Перуде алтын шахтасында болған өрттен 27 адам көз жұмды

Жарияланды (жаңартылды )

Перудің оңтүстігіндегі алтын кенішінде өрт шықты. Оқиға салдарынан 27 адам көз жұмды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Бұл кен орнында соңғы 22 жылда тіркелген ең қайғылы оқиға болды.

Билік: «оттың тұтануына электр тоғының қысқа тұйықталуы себеп болған»,- деп мәлімдеді.

Перу – әлемде алтын өндіруден бірінші, ал мыс шығарудан екінші орында орналасқан.

Былтыр кен орындарында 38 адам көз жұмған.

Сондай-ақ оқыңыз