Жаңалықтар

БЖЗҚ әлеуметтік желіде тараған жалған ақпараттарға сенбеуге шақырады

Фото: Ашық дереккөздерден

Алаяқтар әлеуметтік желілер және WhatsАрp арқылы азаматтарға хабарлама жіберіп, биыл маусым – қыркүйек айлары аралығында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін төменгі жеткілікті шегіне қарамастан шешіп алуға болатыны туралы жазуда.

БЖЗҚ ескертеді: бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондықтан, «жалған» хабарламаларды елемеуге, ақпаратты тек ресми көздерден алуға кеңес береді.

Бірыңғай жинақтаушы қоры зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану шарттарын тағы да ескертеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу мақсатында пайдалану көзделген. Ол үшін:

– зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асуы керек. Бұл жағдайда ТЖШ асатын соманы пайдалана аласыз;

– зейнетақы алып жүрген зейнеткерлердің зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленген 40 пайыздан төмен емес деңгейдегі алмастыру коэффициентімен қамтамасыз ете алуы қажет. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарламаны алған күні салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс;

– сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған болуы керек. Бұл жағдайда жеке зейнетақы шотында қалған қаражатты пайдалануға болады.

Сонымен қатар, БЖЗҚ дерегінше, Зейнетақы төлемдерін зейнет жасына толғанға дейін алуға болатын жағдайлар бар. Атап айтқанда:

– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен кезде (ресімдеу рәсімі мен алуға мүмкіндік беретін шарттар мұнда);

– мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 және 2 топ мүгедектігіне байланысты (толық ақпарат осында);

сақтандыру компаниясымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты шеңберінде алуға мүмкіндік берілген.

БЖЗҚ белсенді түрде таратылып жүрген

Естеріңізге сала кетейік, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты кеңестерді БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да алуға болады:

Естеріңізге сала кетейік, Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға инвестициялық компанияларға беруге қатысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» қаулысы талқыланып жатыр.