Жаңалықтар

Елімізде 2026 жылға қарай автокөлік өндірісін 500 мың данаға дейін арттыруды болжап отыр

Қазақстан Үкіметі 2026 жылға қарай елімізде автомобиль өндірісінің 500 мың данаға дейін өсуін болжап отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Астанада өткен автокөрмеде мәлімдеді.

«Егер Қазақстан нарығы жылына 150 мың автокөлік құраса, келесі жылы қазақстандық автоөндіріс осы көлемді береді. Яғни, нарықтың жаңа автокөліктерге деген қажеттілігі толығымен жабылады. Бірқатар жаңа жобалар бар. Біздің міндетіміз- 2026 жылға қарай өндіріс көлемін 500 мың автокөлікке дейін арттыру», – деді Қарабаев.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының деректері бойынша, 2022 жылы республикада барлық үлгідегі 113,9 мың автокөлік құралы өндірілді. Осылайша, Индустрия министрлігі 2026 жылға қарай автоқұрастыру өндірісінің 4,4 есе өсуін күтуде.

Автокөліктердің негізгі көлемі Қазақстанда Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» (Allur құрамына кіреді) және Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan (Astana Motors құрамына кіреді) зауыттарында жиналады.

Республикадағы коммерциялық автомобильдерді СемАЗ және Hyundai Trans Auto шығарады. Жүк көліктерін құрастыру «КАМАЗ Инжиниринг» кәсіпорнында ұйымдастырылған. Ал автобустарды QazTehna және Daewoo Bus Kazakhstan жинайды.