Қазақстанда және әлемде жоғары білім алу құны қаншалықты қымбаттады?

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Жоғары білім бойынша жетекші халықаралық және іздестіру жүйесі UniRank мәліметтеріне сәйкес, әлем бойынша ресми танымал 20 мыңнан артық университет бар. Онда шамамен 235 миллион студент оқиды. UniRank рейтингінде ең жақсы университеттер АҚШ, Канада, Еуропа елдері, Оңтүстік Корея, Малайзия, Австралия, БАЭ, Қытай, Түркия және басқа елдерде орналасқан.

Freedom Life ӨСК мамандары қазақстандық және әлемдік жоғары оқу орындарының мәліметтерін зерттеп, әлемдегі ең қымбат және беделді білім алу мекемелерін анықтады, және сол жерде оқу үшін қаражатты қалай жинауға болатынын айқындады.

Зерттеу барысында, Freedom Life ӨСК талдаушылары қазақстандықтар қолайлы бағамен, жылына 28 мың және одан астам төлем құнымен, қандай елдердегі абыройлы университетіне оқуға түсуі мүмкін екенін анықтады. Сондай-ақ, Қазақстанда және өзге дамушы мемлекеттерде жоғары білім алу бағасы соңғы 12 жыл ішінде қаншаға өзгергенін айқындады.

Қазақстандағы оқу құны

Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі ұлттық статистика Агенттігі Бюросының мәліметтеріне сәйкес, 2010-2011 оқу жылдарында бакалавриатта оқитын студенттер саны 620,4 мыңды құраған, олардың ішінде, грантта 140,5 мың студент оқиды. Ақылы негізде оқуға түскендер үшін, отандық университетте оқудың орташа құны шамамен 480 мың теңге болады.

2015-2016 оқу жылдарының басында елде 127 жоғары оқу орны тіркеліп, бакалавриатта оқитын студенттер саны 414,7 мың болған. Олардың ішінде грант иеленгендері – 137,7 мың адам. Жоғары білім алу құны сол сәтте, орташа алғанда, 400-600 мың теңгені құраған.

2020-2021 оқу жылдарында жоғары оқу орындарында оқитындардың саны – 576,6 мың адам. Күндізгі бөлімшеде оқу құнының жылдық орташа бағасы – 825 мың теңге. Ал қашықтықта оқу жылының құны, COVID-19 пандемиясы кезеңінде – 378,4 мың теңге.

2022-2023 оқу жылының басында студенттер саны шамамен 600 мың адам болды. Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу құны 250 мың теңгеден бастап 9 млн теңгеге дейін. Оқу құнының белгіленуі орналасқан жері және беделіне тәуелді. Алматы университеттеріндегі ең жоғары бағалар КИМЭП мен КБТУ-да тіркелсе, Астанада – Назарбаев Университеті. Ең арзан университеттер Шымкент қаласында.

Жоғары білім алудың аталған кезеңдегі АҚШ долларына сәйкестелген орташа құны

Ел2010-2011 жылдық құны, теңге      2015-2016 жылдық құны, теңге2020-2021 жылдық құны, теңге2022-2023 жылдық құны, теңге
Ұлыбритания2 157 7004 456 00013 331 00019 802 000
Австралия2 300 2003 719 2009 545 50014 856 300
АҚШ1 256 1004 249 4007 839 60012 584 400
Малайзия1 246 7002 972 8006 412 20011 988 800
БАЭ733 4002 229 6006 549 6009 324 600
Канада704 9001 081 8004 331 7007 610 900
Оңтүстік Корея806 7001 114 8003 633 6005 150 700
Қытай322 696650 3003 320 0004 440 300
Түркия278 700700 3002 282 1003 329 300
Германия636 00002 000 0002 000 000
Ресей148 800183 7001 023 5001 334 700

Мәліметтер: ашық ақпарат көздері

Ұлыбритания. Британ үкіметінің сайтындағы мәліметке сәйкес, Корольдікте танымал 154 жоғары оқу орны белгіленген.Ұлыбританияда оқу құны әлемде ең қымбат болып есептеледі. Беделді университеттерде төлем жылына 50 мың фунт стерлингтен асуы мүмкін (28 млн теңгеден артық). 12 жыл ішінде онда жоғары білім алу құны қазақстандықтар үшін 9,2 есе қымбаттады.

Австралия. Тіркелген 43 университетте 600 мыңнан артық адам оқиды.

12 жыл ішінде жоғары білім алу құны қазақстандықтар үшін 6,5 есе ұлғайған.

АҚШ. Қазіргі күнде4 726 жоғары оқу орны жұмыс істейді және онда  21 млн студент оқиды. Қазақстандықтардың жылдық минималды шығыны – 35-40 мың доллар (16-18 млн теңге. 12 жыл ішінде жоғары білім алу құны қазақстандықтар үшін 10 есе өскен.

Канада. Елде96 мемлекеттік университет тіркелген. Онда 800 мыңнан артық шетел студенті оқиды. Бір жыл ішінде Канадада қазақстандықтар оқуға, тамақтануға, орналасуға және басқа қажеттеріне орташа алғанда 30-35 мың канадалық доллар жұмсауы мүмкін (9,9-1,2 млн теңге). 12 жыл ішінде жоғары білім алу құны қазақстандықтар үшін 10,8 есе ұлғайған.

Оңтүстік Корея. 267 университетте шамамен 1,9 млн студент оқиды. Оңтүстік Кореяда өмір сүру құны (үй жалдау төлемін қоспағанда) – айына 1,3 млн оңтүстіккореялық вон.  12 жыл ішінде, жоғары білім алу құны қазақстандықтар үшін 6,4 есе ұлғайған.

Қытай. Қазіргі уақытта, 2900 университет жұмыс істейді. 38 млн студент білім алады. 12 жыл ішінде жоғары білім алу құны қазақстандықтар үшін 13,8 есе артқан.

Түркия. Елде 200-ден артық мемлекеттік және жеке университеттер бар. Ондағы оқушылар саны 8,2 млн адамнан артық, олардың ішінде, 4,6 млн-ға жуық студент бакалавриатта білім алып жатыр. Егер бағдарлама түрік тілінде жүргізілетін болса Түркиядағы мемлекеттік университеттерде оқу шетел азаматтары үшін арзанға түседі. Оқу төлемінен басқа, студенттердің өмір сүру шығындары айына 10 мың түрік лирін құрайды (235 мың тенге). 12 жыл ішінде жоғары білім алу құны қазақстандықтар үшін 11,9 есе ұлғайған.

Сарапшылардың айтуынша, бюаланың жоғары оқу орнында оқуына қор жинау процессін жеңілдетудің бірнеше қолайлы әдісі бар. Оқу депозитін пайдалануға болады. Сонымен қатар 2023 жылдан бастап білім берудің Мемлекеттік жинақтаушы жүйесі (ГОНС) шеңберінде қазақстандықтар үшін өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы қолжетімді болды.

«Аталған бағдарлама шеңберінде өмірді сақтандыру бағдарламасы бойынша қорланым жинау тәсілі мынадай: ата-анасы сақтандыру кезеңін белгілейді (3 жыл және одан астам), жарна сомасын және төлем атқару кезеңдігін анықтайды (айына, тоқсанына, жарты жылда бір мәрте, жылына бір рет). Содан кейін сақтандырушымен шарт жасасады, шартқа сәйкес мемлекет тарапынан 20 жылдан аспайтын мерзімге сыйақы есептеледі. Білім беру ерікті жинауқтаушы сақтандыру депозит ретінде жүзеге асырылады, кепілді жылдық үнемді ставкасы 8% шамалас. Бұл жағдайда, сақтандыру мерзімі ішінде жинақталған қорланымы, есеп сомасынан 5% мөлшерде, мемлекеттік сыйақы сомасына қарасты жыл сайын ұлғаяды. Оған төленген сыйақысы және заңнамамен реттелетін қаржыландыру табысы кіреді», деп түсініктеме берді Freedom Life ӨСК мамандары.

Сондай-ақ оқыңыз