Қазақстанда және әлемде жоғары білім алу құны қаншалықты қымбаттады?
Фото: kursiv.media
Жоғары білім бойынша жетекші халықаралық және іздестіру жүйесі UniRank мәліметтеріне сәйкес, әлем бойынша ресми танымал 20 мыңнан артық университет бар. Онда шамамен 235 миллион студент оқиды. UniRank рейтингінде ең жақсы университеттер АҚШ, Канада, Еуропа елдері, Оңтүстік Корея, Малайзия, Австралия, БАЭ, Қытай, Түркия және басқа елдерде орналасқан.
Freedom Life ӨСК мамандары қазақстандық және әлемдік жоғары оқу орындарының мәліметтерін зерттеп, әлемдегі ең қымбат және беделді білім алу мекемелерін анықтады, және сол жерде оқу үшін қаражатты қалай жинауға болатынын айқындады.
Зерттеу барысында, Freedom Life ӨСК талдаушылары қазақстандықтар қолайлы бағамен, жылына 28 мың және одан астам төлем құнымен, қандай елдердегі абыройлы университетіне оқуға түсуі мүмкін екенін анықтады. Сондай-ақ, Қазақстанда және өзге дамушы мемлекеттерде жоғары білім алу бағасы соңғы 12 жыл ішінде қаншаға өзгергенін айқындады.
Қазақстандағы оқу құны
Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі ұлттық статистика Агенттігі Бюросының мәліметтеріне сәйкес, 2010-2011 оқу жылдарында бакалавриатта оқитын студенттер саны 620,4 мыңды құраған, олардың ішінде, грантта 140,5 мың студент оқиды. Ақылы негізде оқуға түскендер үшін, отандық университетте оқудың орташа құны шамамен 480 мың теңге болады.
2015-2016 оқу жылдарының басында елде 127 жоғары оқу орны тіркеліп, бакалавриатта оқитын студенттер саны 414,7 мың болған. Олардың ішінде грант иеленгендері – 137,7 мың адам. Жоғары білім алу құны сол сәтте, орташа алғанда, 400-600 мың теңгені құраған.
2020-2021 оқу жылдарында жоғары оқу орындарында оқитындардың саны – 576,6 мың адам. Күндізгі бөлімшеде оқу құнының жылдық орташа бағасы – 825 мың теңге. Ал қашықтықта оқу жылының құны, COVID-19 пандемиясы кезеңінде – 378,4 мың теңге.
2022-2023 оқу жылының басында студенттер саны шамамен 600 мың адам болды. Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу құны 250 мың теңгеден бастап 9 млн теңгеге дейін. Оқу құнының белгіленуі орналасқан жері және беделіне тәуелді. Алматы университеттеріндегі ең жоғары бағалар КИМЭП мен КБТУ-да тіркелсе, Астанада – Назарбаев Университеті. Ең арзан университеттер Шымкент қаласында.
Жоғары білім алудың аталған кезеңдегі АҚШ долларына сәйкестелген орташа құны
Ел | 2010-2011 жылдық құны, теңге | 2015-2016 жылдық құны, теңге | 2020-2021 жылдық құны, теңге | 2022-2023 жылдық құны, теңге |
Ұлыбритания | 2 157 700 | 4 456 000 | 13 331 000 | 19 802 000 |
Австралия | 2 300 200 | 3 719 200 | 9 545 500 | 14 856 300 |
АҚШ | 1 256 100 | 4 249 400 | 7 839 600 | 12 584 400 |
Малайзия | 1 246 700 | 2 972 800 | 6 412 200 | 11 988 800 |
БАЭ | 733 400 | 2 229 600 | 6 549 600 | 9 324 600 |
Канада | 704 900 | 1 081 800 | 4 331 700 | 7 610 900 |
Оңтүстік Корея | 806 700 | 1 114 800 | 3 633 600 | 5 150 700 |
Қытай | 322 696 | 650 300 | 3 320 000 | 4 440 300 |
Түркия | 278 700 | 700 300 | 2 282 100 | 3 329 300 |
Германия | 636 000 | 0 | 2 000 000 | 2 000 000 |
Ресей | 148 800 | 183 700 | 1 023 500 | 1 334 700 |
Мәліметтер: ашық ақпарат көздері
Ұлыбритания. Британ үкіметінің сайтындағы мәліметке сәйкес, Корольдікте танымал 154 жоғары оқу орны белгіленген.Ұлыбританияда оқу құны әлемде ең қымбат болып есептеледі. Беделді университеттерде төлем жылына 50 мың фунт стерлингтен асуы мүмкін (28 млн теңгеден артық). 12 жыл ішінде онда жоғары білім алу құны қазақстандықтар үшін 9,2 есе қымбаттады.
Австралия. Тіркелген 43 университетте 600 мыңнан артық адам оқиды.
12 жыл ішінде жоғары білім алу құны қазақстандықтар үшін 6,5 есе ұлғайған.
АҚШ. Қазіргі күнде4 726 жоғары оқу орны жұмыс істейді және онда 21 млн студент оқиды. Қазақстандықтардың жылдық минималды шығыны – 35-40 мың доллар (16-18 млн теңге. 12 жыл ішінде жоғары білім алу құны қазақстандықтар үшін 10 есе өскен.
Канада. Елде96 мемлекеттік университет тіркелген. Онда 800 мыңнан артық шетел студенті оқиды. Бір жыл ішінде Канадада қазақстандықтар оқуға, тамақтануға, орналасуға және басқа қажеттеріне орташа алғанда 30-35 мың канадалық доллар жұмсауы мүмкін (9,9-1,2 млн теңге). 12 жыл ішінде жоғары білім алу құны қазақстандықтар үшін 10,8 есе ұлғайған.
Оңтүстік Корея. 267 университетте шамамен 1,9 млн студент оқиды. Оңтүстік Кореяда өмір сүру құны (үй жалдау төлемін қоспағанда) – айына 1,3 млн оңтүстіккореялық вон. 12 жыл ішінде, жоғары білім алу құны қазақстандықтар үшін 6,4 есе ұлғайған.
Қытай. Қазіргі уақытта, 2900 университет жұмыс істейді. 38 млн студент білім алады. 12 жыл ішінде жоғары білім алу құны қазақстандықтар үшін 13,8 есе артқан.
Түркия. Елде 200-ден артық мемлекеттік және жеке университеттер бар. Ондағы оқушылар саны 8,2 млн адамнан артық, олардың ішінде, 4,6 млн-ға жуық студент бакалавриатта білім алып жатыр. Егер бағдарлама түрік тілінде жүргізілетін болса Түркиядағы мемлекеттік университеттерде оқу шетел азаматтары үшін арзанға түседі. Оқу төлемінен басқа, студенттердің өмір сүру шығындары айына 10 мың түрік лирін құрайды (235 мың тенге). 12 жыл ішінде жоғары білім алу құны қазақстандықтар үшін 11,9 есе ұлғайған.
Сарапшылардың айтуынша, бюаланың жоғары оқу орнында оқуына қор жинау процессін жеңілдетудің бірнеше қолайлы әдісі бар. Оқу депозитін пайдалануға болады. Сонымен қатар 2023 жылдан бастап білім берудің Мемлекеттік жинақтаушы жүйесі (ГОНС) шеңберінде қазақстандықтар үшін өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы қолжетімді болды.
«Аталған бағдарлама шеңберінде өмірді сақтандыру бағдарламасы бойынша қорланым жинау тәсілі мынадай: ата-анасы сақтандыру кезеңін белгілейді (3 жыл және одан астам), жарна сомасын және төлем атқару кезеңдігін анықтайды (айына, тоқсанына, жарты жылда бір мәрте, жылына бір рет). Содан кейін сақтандырушымен шарт жасасады, шартқа сәйкес мемлекет тарапынан 20 жылдан аспайтын мерзімге сыйақы есептеледі. Білім беру ерікті жинауқтаушы сақтандыру депозит ретінде жүзеге асырылады, кепілді жылдық үнемді ставкасы 8% шамалас. Бұл жағдайда, сақтандыру мерзімі ішінде жинақталған қорланымы, есеп сомасынан 5% мөлшерде, мемлекеттік сыйақы сомасына қарасты жыл сайын ұлғаяды. Оған төленген сыйақысы және заңнамамен реттелетін қаржыландыру табысы кіреді», деп түсініктеме берді Freedom Life ӨСК мамандары.