Желідегі алаяқтар демалыс күндері СҚО тұрғындарын 9 млн теңгеге алдап кеткен

Жарияланды
телефон
Фото: Pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы облыс тұрғындарын «сіздің туысыңыз апатқа ұшырады» схемасын ойнайтын желілік алаяқтар туралы ескертеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған схема негізінен егде жастағы адамдарды алдауға бағытталған, «банктерден қоңыраулар» сияқты, алдауға бірнеше алаяқтар қатысады.

Өткен демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің үш тұрғыны осындай схемамен 9 млн. теңгеге алданып қалған.

Осылайша, алаяқтардың құрбандарының бірі облыс орталығының 67 жастағы тұрғыны болды, оған әйел қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырды және қызының кінәсінен жол-көлік оқиғасы болып, адам зардап шеккенін хабарлады.

Содан кейін «жалған полицей» бұл жағдайды шешу үшін жәбірленушіге 5 млн.теңге төлеуді талап еткен, бұған жәбірленуші 3 млн. теңге сомасында аударым жасады. Кейінірек жәбірленушінің қызымен бәрі жақсы екендігі және жол-көлік оқиғасына түспегені анықталды.

Егер Сізге белгісіз адам қоңырау шалып, өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырса және Сіздің туысқаныңыз қиындыққа тап болғанын хабарласа қандай да бір әрекет жасамас бұрын, телефонды қойып, сол туысқаныңызбен байланысуға тырысып, «102» немесе «49-39-49» қоңырау шалыңыз.

Алаяқтарға ақша мен парольдерді бермеңіз. Ақпаратты ресми арналар арқылы тексеріңіз. Сізбен сөйлескен ұйымдарға қоңырау шалыңыз және мұндай қызметкерлердің шынымен жұмыс істейтінін тексеріңіз.

Жыл басынан бері құқық қорғау органдарына алаяқтық туралы арызбен 315 адам жүгініп, 772 млн. теңгеге алданған.

Сондай-ақ оқыңыз