Астанада 100 млн теңге декларацияланбаған қолма қол ақшаны шетелге шығаруға тырысқан

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Ауежай-Астана» кеден бекетіндегі бақылау барысына сәуірмамыр айларында 100 млн.теңгеден астам ақша мен 1 құйма тазартылған алтынды заңсыз әкеткісі келгендер анықталған.

Мәселен, «Астана-Анталия» әуе рейсін тексеру кезінде жолаушылар арасынан бір азамат 118 392 АҚШ доллары, 28 750 рубль, 92 885 еуро сомасында декларацияланбаған қолма-қол ақшаны шетелге алып бара жатқан.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасынан 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге, сондай-ақ тазартылған алтынды әкетуге тыйым салынатыны туралы еске салады.

Бұл ретте мұндай заң бұзу анықталғанда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделеді.

Сондай-ақ оқыңыз