Жаңалықтар

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105,5 пайызды құрады

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2023 жылғы қаңтар-сәуірде 2022 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 105,5% құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 516131 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 507074 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 416564 құрады, оның ішінде 407648 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).

Тұтыну бағасының индексі 2023 жылғы сәуірде 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,2% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 5%, азық-түлік емес тауарларға – 3,8%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 3,3% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2023 жылғы сәуірде 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,4%  төмендеді.

Әлеуметтік сектор

2023 жылғы наурызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 167836 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2022 жылғы наурызға қарағанда 17,9% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,2% төмендеді.

2023 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 451,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2023 жылғы сәуірдің соңына 286,1 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 3%.