Илон Маск жаһандық экономиканы қиын жыл күтіп тұр деп мәлімдеді

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Америкалық автоконцерн басшысы Илон Маск жаһандық экономиканы қиын жыл күтіп тұр, көптеген компания банкротқа ұшырайды деп мәлімдеді. Бұл туралы MarketWatch басылымына сілтеме жасай отырып Интерфакс агенттігі хабарлады.

«Алда қиын 12 ай күтіп тұр және Tesla-ның жаһандық экономикалық ортадан иммунитеті жоқ», – деді ол компания акционерлерінің жиналысында.

Кәсіпкердің айтуынша, макроэкономика кем дегенде 12 ай бойы қиын жағдайды бастан кешіреді Дегенмен, алдағы 12 айда бірқатар өзгеріс орын алып, Tesla инвесторлары «өте жақсы» жұмыс істейді.

Сонымен қатар, компания нарыққа екі жаңа өнімді енгізуді жоспарлап отыр және осы уақытқа дейін аулақ болған дәстүрлі жарнама әдістерін қолдануға тырыспақ.

Маск сонымен қатар Cybertruck пикаптары биыл сатылымға шығатынын растады. Сонымен бірге ол бас директор қызметінен кетеді деген қауесетті жоққа шығарды.

Сейсенбі күнгі қосымша саудада Tesla акциялары 1,2%-ға қымбаттады. Жыл басынан бері компанияның капиталдандыруы 35,2%-ға өсті.

Бұған дейін Илон Маск Twitter-дің жаңа бас директорын таныстырған еді. Линда Яккарино компанияның жаңа басшысы болды. Ол осы уақытқа дейін американдық NBCUniversal медиа корпорациясының жарнама департаментінің басшысы қызметін атқарған.

Қаржы есебі шықаннан кейін 3 айдан соң Tesla акциялары антирекорд орнатып, арзандап кеткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз