Бүгін 70 жасқа толған Қасым-Жомарт Тоқаевты Қытай елі салтанатпен қарсы алды

Жарияланды
Как Китай встретил Токаева в день его рождения

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді.

Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Сиань әуежайында салтанатпен қарсы алды.

Айта кету керек, 17 мамыр Қазақстан Президенті 70 жасқа толды. Алайда, бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін атап өтпейтінін мәлім еткен болатын.

Ақорда ақпаратына сәйкес, Мемлекет басшысы бұл сапары барысында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізіп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелерін талқылайды.

Президент 18 мамырда Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездесіп, Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысады.

Ал 19 мамырда «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысуы жоспарланған. Сонымен бірге мемлекет басшысының бұл елге сапары барысында еліміздің Сиань қаласындағы Бас консулдығының салтанатты ашылу рәсімі де өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз