Мәслихат депутаты қорасында жоқ малға субсидия алған

Жарияланды
депутат
Фото: Shutterstock

Ақтөбе облысында аудандық мәслихат депутаты ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Ол өз шаруа қожалығы атынан қорасында жоқ малға субсидия алған. Осы орайда ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Келтірілген жалпы шығын көлемі 457 миллион теңгені құрайды.

«Сондай-ақ, бұл азамат «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта бұл азамат ұсталып, оған қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Бүгін Антикоррупциялық қызмет Кентау қаласының экс-әкімі Рашид Аюповқа қатысты тергеуді аяқтағанын хабарлады. Оның әрекеттері аса ірі көлемде пара беруге арандату және алаяқтық ретінде сараланған, тергеу сотының санкциясымен ол қамауда отыр. 

Кеше Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысына қатысты тергеу басталған.

Сондай-ақ оқыңыз