Жаңалықтар

Қытайда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен дөңгелек үстел өтеді

Фото: Ақорда

Бүгін Сиань қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстелі өтеді. 

Жиынға СNPC, CITIC, SPIC, Sinopec, Asian Infrastructure Investment Bank, POWERCHINA, GENERTEC, COFCO, XCMG, JD Group, Sun Seven Star Investment Group, Xian Aiju Grain and Oil Industrial Group, Great Wall Motors, Chery, Huawei Technologies, Changan International Corporation cияқты ірі компания өкілдері қатысады. Қытайдың алпауыт компанияларына Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылады.

Бұл еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері ұсынылатын қытайлық компаниялардың толық тізімі емес.

Мемлекет басшысы дәл туған күнінде Қытай еліне мемлекеттік сапармен келген болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Сиань әуежайында салтанатпен қарсы алды.

Сапар барысында екі ел басшылары бірқатар құжаттарға қол қойды.

Қол қойылған құжаттардың арасында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім» бар.