Жаңалықтар

Жапония Ресейге автомобиль экспортын 77%-ға  арттырды

2023 жылдың сәуірінде Жапониядан Ресейге автомобильдердің экспорты бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 77% – ға өсті. Бұл туралы РИА Новости Жапонияның қаржы министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Сонымен қатар, мотоциклдер мен автоциклдер экспортының көлемі 86,4% – ға, түсті металдар – 350% – ға, дайын резеңке – 208%-ға өсті. Аудио және бейне аппаратура сияқты позициялар бойынша экспорт 51,8%-ға артты.

Болат пен темір өнімдерінің экспорты 2022 жылдың сәуірімен салыстырғанда 97,9% – ға, ал қағаз өнімдерінің экспорты 34,6%-ға төмендеді.

Жалпы, Жапониядан Ресейге экспорт сәуір айында 42,5% -ға өсіп, 246,17 миллион долларды құрады.