Қазақстанда АИТВ-мен ауыратын адамдар саны артты

Жарияланды
В Казахстане выросло количество людей, живущих с ВИЧ

Қазақстанда АИТВ-мен ауыратын 31 мыңнан астам адам тұрады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Денсаулық сақтау министрлігі мамырдың әр үшінші жексенбісінде бүкіл әлемде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні атап өтілетінін еске салды.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда АИТВ-мен ауыратын 31 мыңнан астам адам тұрады, бұл ретте берілудің негізгі жолы 74% жағдайда жыныстық қатынас болып табылады», -деді ДСМ.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, соңғы жылдары ЖИТС-тан өлім-жітім 100 мың халыққа шаққанда 2018 жылғы 1,4-тен 2022 жылы 0,9-ға дейін төмендеді.

2022 жылы АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың саны 30 мың адамды құрады. Оның 89,6% (26,9 мың) — 15 пен 49 жас аралығындағы қазақстандықтар.

Сондай-ақ оқыңыз