Тоқаев қытайлық туристер үшін Орта Азияда бірыңғай туристік кластер құруды ұсынды

Жарияланды
Тоқаев
Фото: Ақорда

Қытайдың Сиань қаласында өткен «Орталық Азия – Қытай» саммитінде Қазақстан Президенті өңірдегі туризмді дамыту қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, екі ел арасында енгізілетін 30 күнге дейінгі визасыз режим ікерлік байланыс аясын кеңітіп, туристер легін арттыратынына сенім білдірді.

«Орталық Азия елдерінің мәдениеті – бай, көрікті жерлері де – көп. Соның бәрі қытайлық туристер үшін қызықты болары анық. Осы орайда мен «Жібек жолы» туристік операторларының тізімін жасауды ұсынамын. Топтық турлар үшін визасыз режим енгізіп, бірыңғай туристік кластер құру қажет. Сол кезде қытай туристері бір сапарда Орталық Азияның бірнеше еліне бара алады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының айтуынша, Сиань қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылады. Сондай-ақ, Шымкент пен Сиань қаласының және Солтүстік Қазақстан облысы мен Шэньси провинциясының арасында бауырластық байланыс орнатылатын болады.

Айта кету керек, «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті 2025 жылы Қазақстанда өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз