Фото: kursiv.media
Энергетика министрлігі Цифрлық майнерлерге электр желілеріне қосылу талаптарын бекітті.
Құжатқа сәйкес Цифрлық майнерлерді электрмен жабдықтау Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясының көтерме сауда нарығында жүзеге асырылады.
Майнерлер электр энергиясын сатып алу-сату шартымен айқындалған электр тұтыну режимдерін сақтай отырып, тұтынады. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес тәртіп бойынша тұтынушының меншігіндегі электр және энергия құрылғылары мен коммерциялық есепке алу аспаптарының тиісті техникалық жай-күйін тексеріп отырады және оған қойылатын талаптарды орындауы тиіс.
Майнинг арқылы ақша тапқысы келетіндер жүйелік оператордың және энергия беруші ұйымның жедел-ақпараттық кешенімен біріздендірілген уәкілетті диспетчерлік орталыққа қосылған телеметриялық ақпаратты жинау және беру жүйесінің болуын қамтамасыз етеді.
Шарттары жоқ цифрлық майнерлер ұлттық және өңірлік электр желісінен мынадай жағдайларда ажыратылады:
1) энергиямен жабдықтаушы ұйымның өтінімі бойынша электрмен жабдықтау шартында белгіленген мерзімде электр энергиясы үшін төлем жүргізілмегенде, сондай-ақ толық төленбеген жағдайда;
2) электрмен жабдықтау шартында белгіленген электр энергиясын тұтыну режимін бұзғанда;
3) белгіленген мерзімде энергия беруші ұйымның бекітілген талаптарды және Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бұзғанда;
Электр энергиясын беруді тоқтатпас бұрын энергия беруші ұйым кемінде 5 күн бұрын хабарлама жібере отырып, орындайды.