
Зорлық-зомбылығы үшін халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы Астанада ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Астана қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 1960 жылы туған Германия азаматын ұстады.
Қылмыскер Германияның ҚК 177-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.
Ол Астана ПД-ның УҰИ-ға қамалды.