Күдебаевтың Қырғызстанға қашуына қатысы бар деген күдікпен 4 адам ұсталды

Жарияланды
Шығарушы редактор
Серік Күдебаев

Фото: kursiv.media

Қырғызстанның әскери прокуратурасы қазақ генералы Серік Күдебаевты шекарадан заңсыз өткізу ісін тергеп жатыр. Бұл туралы құқық қорғау орындарындағы өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып 24.kg сайты хабарлайды.

Алматы облысы ІІД бұрынғы басшысы қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өткені айтылады. Әлі де нақтылауды қажет ететін ақпарат бойынша, кеден бекеттерінің бірінде Шекара қызметінің сарбазы Күдебаевтың Қырғызстанға өтуін заңдастырып берген.

«Кейін Серік Күдебаев «Манас» әуежайы арқылы Түркияға ұшты. Әскери прокуратура шекараны заңсыз кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір бұл іске қатысты 4 адам бар. Олар Бішкектегі СИЗО-1 мекемесінде отыр. Алдын ала мәлімет бойынша, сотталушылардың бірі – әскери қызметкер, қалғандары – бейбіт тұрғындар», – деп хабарлады редакция.

Талдықорған қалалық сотының үкіміне сәйкес, С.М. Күдебаев «қаңтар оқиғалары» кезеңінде биліктә асыра пайдаланып, оның салдары ауыр зардаптарға (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) және азаптауларға (146-бабы 2-бөлігі) әкеп соққаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

 Серік Күдебаев Қаңтар оқиғасынан кейін істі болды. Оған 2022 жылдың қаңтарында болған оқиғалар кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды және азаптады деген айып тағылды. Сот үкімі 2023 жылдың 3 сәуірінде Талдықорғандағы сотта шығуы керек болған.

Алайда ол бірнеше рет сот отырысына келмей, соңында шетелге қашып кеткендіктен, қылмыстық іс тоқтатылып, оған халықаралық іздеу жарияланды. 27 сәуір күні Күдебаевтың Түркияда ұсталғаны белгілі болды. 28 сәуір оған сот үкімі шыққан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз