Үндістан Премьер-министрі БҰҰ-ға реформалар қажет деп санайды

Жарияланды

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди G7 отырысында сөйлеген сөзінде БҰҰ бұдан былай қақтығыстардың алдын ала алмайтынын айтып, оны реформалауға шақырды. Бұл туралы үнділік The Economic Times басылымы хабарлады.

«БҰҰ бүгінгі күннің шындығын көрсетпейді. ХХ ғасырда құрылған ұйымдар ХХІ ғасырдың шындығын көрсетпейді. Сондықтан БҰҰ сияқты ірі институттарды реформалау қажет», – деді ол.

Моде сонымен қатар  БҰҰ мен оның Қауіпсіздік кеңесі қазіргі әлемнің шындығын көрсетпейді және «Жаһандық оңтүстікке» құлақ аспай, тек «сөйлеуші» ретінде қалып отыр дейді.

«Әртүрлі форумдарда бейбітшілік пен тұрақтылық туралы не үшін айтуымыз керек екенін талдауымыз қажет. Бейбітшілікті сақтау мақсатында құрылған БҰҰ бүгінде неліктен қақтығыстардың алдын ала алмай отыр?» – деді Моди.

Сондай-ақ оқыңыз