Үндістандық лоукостер Дели-Алматы әуе рейстерін ашады

Жарияланды

Үндістандық «IndiGo» төмен бюджеттік әуе компаниясы 15 тамыздан бастап, Қазақстанға әуе рейстерін ашады. Индустрия және инфрақұрылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 15 тамыздан бастап Дели – Алматы бағыты бойынша А-320 және А-321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рейспен ұша бастайды. 

Министрліктің дерегінше, «IndiGo» әуе акомпаниясы Үндістанндағы ең ірі лоукостері, компанияның Қазақстанның халықаралық тасымалдау нарығына кіруі әуе билеттерінің арзандауына оң әсер етеді.

«Қазақстан мен Үндістан арасындағы рейстердің ұлғаюы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады» делінген хабарламада.

 

Сондай-ақ оқыңыз