Жаңалықтар

Салымшыларына 54% кіріс әкелуге уәде еткен қаржы пирамидаларына қатысты тергеу басталды

финпирамида
Фото: Shutterstock

Батыс Қазақстан облысында Life is good және Hermes қаржы пирамидаларына қатысты тергеу жүріп жатыр. Олар салымшыларына 24-54 пайыз аралығында табыс уәде етіп, 120 млн теңге жинап алған. ҚМА аумақтық Депаратменті қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген тұлғаларға қатысты қылмыстық іс ашқан.

«Инвестициялық» деген ат жамылып, миллондаған қаржы тартқан азамат ұсталып, сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Кеше Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың тізімін жариялады. Тізімге кірген 22 ұйым арасында жарнамасы жер жарған Chia Tai Tianqing, Q-net, Incruises, QazHome бар.

20 сәуірде «Chia Tai Tianqing» қаржы пирамидасын құрды деген күдіктілер ұсталса, Қостанайда «инвестициялық компанияға» ақша салуға шақырған адам 6 жылға сотталған болатын.

Былтыр 2021 жылмен салыстырғанда, қаржы пирамидалары туралы қылмыстық істер 3 есеге өсіп, 32-ден 72-ге дейін жеткен. Бұл жайлы ҚР қаржылық монторинг агенттігінің басқарма басшысы Өмірсерік Тажмағанбетов мәлімдеген еді.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады. Қаражатын инвестициялағысы келетіндер компанияда қаржы пирамидасы белгісі бар-жоғын  ҚМА телеграм ботынан тексере алады. Жыл басынан бері бұл ботқа 3511 өтініш түскен.