Қазақстанда ЖІӨ шартты өсімінің төмендеу қаупі бар – ҚНРДА

Жарияланды

Фото: Архив Kursiv.media

2023 жылғы 1-тоқсанда макроқаржы жағдайларының нашарлауына байланысты Қазақстанда ЖІӨ-нің шартты өсімін 2024 жылы 0,3 п.т.-ға  және орта мерзімді кезеңде 0,2 пайыздық п.т.-ға  төмендетеді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

Агенттік 2023 жылғы 1-тоқсандағы «Тәуекел жағдайындағы өсу» тоқсан сайынғы есебінің 5-ші шығарылымын дайындады. Есепте ел экономикасын дамытудың сыртқы және ішкі макроқаржы жағдайларының жай-күйін сапалық түрде бағалау және олардың қысқа және орта мерзімді перспективада Қазақстанның ЖІӨ-нің шартты өсуінің үлестіріліміне әсері қамтылған.

«Есепке сәйкес, ЖІӨ-нің нөлден төмен шартты өсімінің ықтималдығы бір жылдан кейін 8%-ды, ал орта мерзімді перспективада 18%-ды құрайды» делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, 19 макроқаржы көрсеткіші бойынша өзекті статистикалық ақпаратты пайдалана отырып, Growth at Risk ықтималдық моделі негізінде жүргізілді, олар мынадай төрт топқа біріктірілген:
ішкі қаржы жағдайларының,
борыш жүктемесінің;
сыртқы сұраныс;
сыртқы қаржы жағдайларының индексі.

Бұл индекстер әр сектордың жай-күйін сипаттайды және макроқаржы жағдайларының түрлі аспектілерін көрсетеді.

GaR моделі белгілі бір уақыт аралығында теріс өсу ықтималдығын бағалауға да мүмкіндік береді және болуы мүмкін күйзелістердің болашақ ІЖӨ-нің өсуінің үлестіріліміне ықпалын бағалау үшін түрлі сценарийлерді қолдануға мүмкіндік береді.

«2023 жылғы 1-тоқсанда АҚШ пен Еуропаның банк секторындағы күйзелістерге, геосаяси шиеленістің сақталуына және ақша-кредит талаптарын қатаңдатуды жалғастыруға байланысты жаһандық рецессияға қатысты алаңдаушылық күшейе түсті. Бір жағынан жоғары инфляцияға, екінші жағынан қаржылық тұрақтылық пен рецессия тәуекелдеріне байланысты күрделі жағдай қалыптасты. Осының аясында қор және тауар нарықтарында жоғары құбылмалылық пен белгісіздік байқалады. Мұның барлығы қысқа және орта мерзімді кезеңде Қазақстанның макроқаржылық тұрақтылығына  теріс әсер етуі мүмкін», делінген хабарламада.

Сценарийлік талдау мұнай бағасы мен ФРЖ пайыздық мөлшерлемесінен туындаған теріс күйзелістер, 2 жыл аралықтағы орта мерзімді перспективада, экономикалық құлдырау ықтималдығын арттыратынын көрсетті.

Тұтастай алғанда, жаһандық рецессия тәуекелдері қаржы секторына жоғары пайыздық мөлшерлемелердің қысымына және стрестің нақты секторға ықтимал таралуына байланысты өсті. Агенттіктің пайымдауынша, мұндай жағдайда дезинфляциялық саясатты жалғастыру және ықтимал қаржылық дағдарыстардың тиімді алдын алу үшін шаралар қабылдау қажет. Сондай-ақ, сыртқы сұраныстың күтілетін қысқаруының және борыш жүктемесі өсуінің теріс әсерін икемдеу үшін мемлекеттік қолдау шараларын алдын ала әзірлеу маңызды.

Сондай-ақ оқыңыз