Алматыда соңғы қоңырау қашан және қалай өтеді?

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2022-2023 оқу жылы 31 мамырында аяқталады. Алматы мектептерінде 4, 9 және 11 сынып оқушылары үшін салтанатты іс-шара 1 маусымда өткізіледі. Салтанатты шара өткізу туралы шешімді әр мектеп өзі дербес қабылдайды. Бұл туралы Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтпаева мәлімдеді.

«Біз Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны өткізуге қатысты барлық мектеп дәстүрлерін қолдай отырып, мектептердің салтанатты жиын өткізу туралы шешімнің дербес қабылданатынын хабарлаймыз,» деді қалалық білім басқармасының өкілі.

Биылғы оқу жылын 313 мектеп, 12 мектеп-интернат және 85 техникалық және кәсіптік білім мекемелері аяқтайды. Бұл мекемелерде 400 мыңнан астам оқушымен тәрбиеленуші білім алып жүр.

«Соңғы сабақ күні барлық мектептер бекітілген кестеге сәйкес өз сабақтарын жүргізеді және оқу күнін сынып сағатын өткізумен аяқтайды. Сынып сағатының мақсаты – оқу жылын қорытындылау және жазғы демалыс кезеңіне балаларды әзірлеу», – деді Жанат Айтпаева.

2022-2023 оқу жылы 28 мыңнан астам түлек 9-сыныпты және 14 мыңнан астам түлек 11-сыныпты бітіреді

Сондай-ақ оқыңыз