Жаңалықтар

S&P 500 пен Nasdaq өсіп, Dow Jones индексі төмендеді

Фото: shutterstock.com

АҚШ қор нарығының негізгі индекстері құбылып тұр. Dow Jones индексі 0,42%-ға төмендесе, S&P 500 пен Nasdaq Composite сәйкесінше 0,02% және 0,5% өсті. АҚШ-тың мемлекеттік қарызына қатысты келіссөз нәтижесін күтіп отырған трейдерлер өте сақ.

Технология, жылжымайтын мүлік және қаржы секторы акцияларының бағасы нарық болжамынан асып түссе, ал тұтыну тауарлары, энергетика мен шикізат секторлары индекстердің өсуін шектеді. Инвесторлар ақша-несие саясатының болашағы мен АҚШ үкіметінің борыш шегіне қатысты жағдайын бақылап отыр.

Dow Jones индустриялық индексі 0,4%-ға төмендеді. 3M химия корпорациясы, American Express қаржы компаниясы мен чип өндіруші Intel акциялары көш бастады. Nike, Procter & Gamble мен Coca-Cola акциялары аутсайдерлер қатарында.

S&P 500 кең нарықтық индексі 0,02%-ға көтерілді. Алты сектор сауда-саттықты оң мәнде аяқтады.

Nasdaq Composite Technology Index 0,5%-ға көтеріліп, тоғыз айдағы ең жоғары деңгейіне жетті. Atlassian, Lucid Group және Rivian Automotive электромобиль өндірушісінің акциялары жақсы өсті. Қытай билігі кейбір қытайлық өндірушілерге компания чиптерін пайдалануға тыйым салған соң, Micron Technology акциялары 2,8%-ға төмендеді.O’Reilly Automotive автокөлік бөлшектері желісі мен сусын өндіретін PepsiCo акциялары да арзандады,

Қор нарығы АҚШ президенті Джо Байден мен Өкілдер палатасының спикері Кевин Маккартидің кездесуін күтті. Brandywine Global Investment Management портфолио менеджері Джек Макинтайрдың айтуынша, инвесторлардың назары АҚШ үкіметінің борыш шегі туралы жаңалықтарға ауған. АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен бұған дейін мемлекеттік қарыздың қазіргі шегі сақталатын болса, агенттік 1 маусымға дейін қаражатсыз қалуы мүмкін екенін ескерткен. Макитайрдың айтуынша, нарықтағы құбылмалылық билік келісімге келгенше сақталады.

Мемлекеттік қарыз туралы жаңалықтан бөлек, трейдерлер Федералды резерв жүйесі өкілінің ақша-несие саясаты туралы мәлімдемесін таразылады.

Миннеаполис федералды резерв банкінің (FRB) президенті Нил Кашкари CNBC-ге берген сұхбатында маусымдағы кездесуде пайыздық мөлшерлеменің сақталу ықтималдығы ФРЖ ақша-несие саясатын қатайту циклін аяқтады дегенді білдірмейді, деп ескертті

KASE индексі 0,47%-ға төмендеп, 3 586,92 тармақты құрады. Акциялары қор индексіне енгізілген бес компаниямбағалы қағаздарының саудасы теріс мәнде аяқталды.

Лондон қор биржасында саудаланатын Kaspi акцияларының құны 2,75%-ға өсіп, $77,8 жетті. Ал Қазатомөнеркәсіп бағалы қағаздарының бағасы 0,4% арзандап, $28 саудаланса, Халық Банкінің ЖДҚ құны керісінше $14,1-ге дейін өсті.