Теңгенің нығаюына не себеп?

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

Тоқсандық салық кезеңі қарсаңында теңге бағамы сәл-пәл нығайды. Алдыңғы күні 448 теңгеден сатылған доллардың орташа бағамы кеше 444,32 теңге болды. Бұл ретте сауда-саттық тәуліктік орташа мән айналасында қалыптасты, деп жазады Қаржыгерлер қауымдастығының сайты.

Бүгінгі сессияда USDKZT жұбы бір доллар үшін 441,1 теңгеден саудаланып жатыр.

Теңгеге Ұлттық қордан валюта сату қолдау көрсеткен. Жоғары базалық мөлшерлеме (қазіргі уақытта 16,75%), бейрезиденттердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызына салатын инвестицияларының біршама қалпына келуі де ықпал етеді. Осы жұма күні ҚРҰБ базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін қабылдайды. Қаржы нарығының сарапшылары базалық мөлшерлеме өзгермейді деген болжам жасап отыр.

Ақша нарығында да теңгеге сұраныс өсті: ақша-несие саясаты операцияларының мақсатты мөлшерлемесі TONIA 15,83%-дан 16,80%-ға дейін, яғни базалық мөлшерлеме дәлізінің жоғарғы шегіне дейін өскен. Бұл ретте, Ұлттық Банк депозит аукционында 163,0 млрд теңге сомасында өтімділік тартқан.

Дүйсенбі күнгі сауда нәтижесінде USDRUB жұбы бір доллар үшін 80,15 рубльге дейін көтерілді. Соған қарамастан, салық төлемдерін жүзеге асыру үшін шетел валютасын сату рубльге жағады. Сонымен қатар, маусым айынан Ресейдегі шетелдік компаниялардың өз активтерін сатарда бір миллиард доллар көлемінде шетел валютасын сатып алуға шектеу енгізілмек.

Бұған дейін Ұлттық банк жыл басынан бері теңгенің нығаюына әсер еткен факторларды атаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз