Абай облысындағы өрттен 280-ге тарта адам ауылдарынан кетуге мәжбүр болды

Жарияланды
пожар
Фото: Shutterstock

Абай облысындаға орман өртіәлі басылмады. 22 мамырдан бері тоқтамаған өртті екпіні 15-20 м/с дейін жететін солтүстік-шығыс желі одан ары өршіте түскен. Төтенше жағдайлар министрлігі облыстағы жағдай жөнінде хабарлады.

Ресейдің шекараға жақын орналасқан Новенькая ауылы маңында құрғақ шөп өртеніп, өршуі салдарынан Қазақстанның аумағына көшкен. Қазіргі жағдайға келер болсақ, өрттің жалпы аумағы 1500 гектарды құраған.


«Елді мекендерге төнген қауіпке байланысты Березовка шипажайы мен Березовка подхозынан 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланды. Березовка шипажайы мен Березовка подхозы орнында 15 адамнан тұратын қызметкерлермен кезекшілік ұйымдастырылды», делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратта.

Орман өртін сөндіруге барлығы 100 бірлік техника, оның ішінде 1 өрт пойызы және 2 тікұшақ, сондай-ақ 402 адам жұмылдырылған. Өрттің ауқымы үлкейіп бара жатқандықтан, жағдайды бақылауға арнайы Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Марат Күлдіков келген. Қосымша Астана қаласы, Павлодар және Қарағанды облысының ТЖД күштері мен құралдарын 133 адам және 26 бірлік техника жіберілген. Сондай-ақ көмекке Қарағанды қаласынан экипажы 4 адамнан тұратын «Қазавиаспас» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы да жіберілген.

Хабарламада орманға тәулігіне 2 тікұшақпен барлығы 59 157,5 тонна су төгілгендігі, өрт орнында командалық-штабтық машина жұмыс жасап жатқаны айтылған. Сондай-ақ, дағдарыс орталықтарында Абай облысының ТЖМ және ТЖД жедел штабтары да жұмыс істеп жатыр.

Ресейде тұтанған бұл өрт бірінші «Семей орманы» табиғи қорығынан басталған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз