Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қандай портфельдерге салынған?

Жарияланды
Шығарушы редактор

Ұлттық банк басқаруындағы зейнетақы активтерінің жыл басынан бергі инвестициялық табысы 481,82 млрд теңгені құраған. Қазіргі кезде БЖЗҚ-да 15 677,57 млрд теңге жинақталған. Бұл ретте Ұлттық Банк сенімгерлік басқаруындағы актив көлемі 15 668,2 млрд теңгені құраса, ал ИПБ басқаруына 9,37 млрд теңге берілген.

ҚР ҰБ басқаруындағы зейнетақы активтері

Ұлттық банк зейнетақы активтерін:

  • ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына – 47,38%,
  • квазимемлекеттік компаниялардың облигацияларына – 10,86%,
  • Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары мен депозиттеріне – 6,98%,
  • шет мемлекеттердің МБҚ-на – 4,60%,
  • халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына – 2,43%,
  • қазақстандық эмитенттердің корпоративтік облигацияларына – 0,10% инвестициялайды.

«Осылайша, зейнетақы активтері инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2023 жылғы сәуірдегі жалпы табыс оң болды. 2023 жылдың басынан бастап салымшылардың шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 4,20% мөлшерінде болған кезде 3,13% көрсетті» , делінген БЖЗҚ таратқан хабарламада.

Бұл ретте БЖЗҚ салымшылары үшін зейнетақы активтерінің табыстылығы соңғы 12 айда (2022 жылғы мамырдан 2023 жылғы сәуірге дейін) 8,93%-ды құраған.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

9,37 млрд теңге зейнетақы активі «Jusan Invest» АҚ, Halyk Global Markets» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Halyk Finance» АҚ және «Сентрас Секьюритиз» АҚ-на басқаруға берілген.

«Jusan Invest» АҚ

Қазіргі жағдай бойынша «Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 4,13 млрд теңге.

Компанияның ең маңызды салымдары: ҚР ҚМ МБҚ – 35,29%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 32,73%, ҚРҰБ ноттары – 21,87%; шет мемлекеттердің МБҚ – портфельдің 8,80%. Атап кетейік, портфельдің 58,40% теңгемен; 41,60% – АҚШ долларымен ұсынылған.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құны өзгеруі есебінен 2023 жылы есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 222,61 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 5,10%.

«Halyk Global Markets» АҚ

Ал «Halyk Global Markets» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы актив көлемі 2,56 млрд теңгені құрайды.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: «кері РЕПО» (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) 32,65%; ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 19,65%; шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 14,84%; МҚҰ облигациялары – 9,92%, ҚРҰБ ноттары – 9,23%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 6,94%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 78,19%, АҚШ долларымен 21,81% құрады.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кірістің мөлшері – 115,26 млн теңге. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 4,09%.

«BCC Invest» АҚ

«BCC Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 1,44 млрд теңге.

Инвестициялардың негізгі бағыттарының ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: ҚР мемлекеттік облигациялары – 27,46%; Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 16,11%; пайлар (индекстерге арналған ETF) – 10,42%, МҚҰ облигациялары – 5,91%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,29%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – портфельдің 4,36%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 28,53%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 76,91%, АҚШ долларымен   23,09% инвестицияланды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кіріс  мөлшері 56,76 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 3,47%. Есептелген инвестициялық кірістің көп бөлігі бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен «кері РЕПО»операциялары бойынша сыйақыдан түсті.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ

«Сентрас Секьюритиз» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 994,32 млн теңге.

Активтердің 61,81%-ы ҚР ҚМ МБҚ-на инвестицияланды; инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат 11,52%; Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 8,76%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 8,66%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 77,99%, АҚШ долларымен   22,01% инвестицияланды.

Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық табыс мөлшері 32,12 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 2,98%.

«Halyk Finance» АҚ

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша «Halyk Finance» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 248,53 млн теңге.

Портфель құрылымындағы инвестициялар мынадай: «кері РЕПО» (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) 60,85%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 12,00%, МҚҰ – 6,81%, ҚРҰБ ноттары – 6,81%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,91%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 100% инвестицияланды. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кіріс  мөлшері 6,16 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 4,81%.

Сондай-ақ оқыңыз