Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейсі 2025 жылы ашылуы мүмкін

Жарияланды
Шығарушы редактор

Фото: kursiv.media

Қазақстаннан АҚШ-қа ұшатын тікелей әуе рейсі тек 2025 жылы ашылады. Өйткені АҚШ-тың бұл салада қоятын талабы қатаң. Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Тимур Тілегеннің айтуынша, тікелей рейс ашу бағытында жұмыс жүріп жатыр.

«АҚШ-та авиация, жолаушылар тасымалы саласында қойылатын талаптар қатал. Біз АҚШ авиаци билігімен бірлесе отырып осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл рейстер 2025 жылға қарай ашылады деп жоспарлап отырмыз», деді Тимур Тілеген.

Соннымен қатар Прага, Токио, Сингапур және басқа да қалаларға әуе рейстерін ашу жоспарланған. Тілегенов жыл соңына дейін Пәкістан, Оман, Израиль мен Малайзияға жаңа халықаралық бағыттар ашылатынын айтты.

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейстерін ашу 2020 жылдан бері көтеріліп келеді. 2021 жылдың қарашасында ҚР ИИДМ баспасөз қызметі Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейсін ашу 2025 жылға қарай жоспарланғанын хабарлады. Тікелей әуе рейсінің ашылуы ұзақ қашықтыққа ұшатын B-787 Dreamliner ұшағын сатып алумен байланысты болған Бірақ ұшақты сатып алу пандемияға байланысты 2025 жылға кейінге шегерілген.

2022 жылы сол кездегі ИИДМ министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей рейстерді іске қосу үшін FAA (IASA) халықаралық ұшу қауіпсіздігін бағалауға дайындық шеңберінде техникалық әлеуетті арттырып жатқанын айтқан еді.

Былтыр Қазақстаннан 7 елге 10 жаңа әуе бағыты ашылған еді. Енді қазақстандықтар Милан (Италия), Ираклион (Грекия), Нячанг (Вьетнам), Кувейт (Кувейт), Анкара (Түркия), Маэ аралы (Сейшел аралдары) мен Түменге (Ресей) тікелей қатынай алады.

Биыл 14 наурыздан Египеттің «Air Cairo» әуекомпаниясы Астана – Шарм-эль-Шейх және Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша аптасына екі рет әуе рейсін ашты.

Сонымен қатар «Salam Air» әуе компаниясы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап аптасына екі рет Маскат-Алматы бағыты бойынша тікелей рейс ашпақ. А–320neo және А-321neo типті әуе кемелері бейсенбі мен жексенбі күні екі қала арасында тұрақты қатынайтын болды.

Қазіргі кезде Қазақстан мен Сингапур арасында тікелей әуе қатынасын жыл соңына дейін ашу мәселесі тақыланып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз