«Қазақстан халқына» қорындағы орташа жалақы 565 мың теңгеден 390 мың теңгеге дейін төмендеді. Бұл туралы журналистермен кездесу барысында «Қазақстан халқына» қорының басқарушы директоры, Басқарма мүшесі София Айсағалиева хабарлады.
«Былтыр 25 адам болса, биыл 47 адам жұмыс істейді. Өткен жыл қалыптасу жылы болды. 25 бағдарламаны бекіттік. Сондықтан адамдар керек болды. Дей тұрғанмен біздің алдымызда әкімшілік шығынды өсірмеу туралы міндет бар. Штат саны ішкі аудит қызметі пайда болуына байланысты да артты – 2 адам алдық. Орташа айлық бойынша былтырғы көрсеткіш түсті. Былтыр орташа айлық көлемі 565 мың теңге болса, биыл 390 мың теңге»,- деді София Айсағалиева.
Қордың орташа жалақысы туралы сұраққа Айсағалиева Қор осы жылдың алғашқы бес айында қызметкерлердің жалақысын төлеуге 90 млн теңге жұмсағанын айтты.