Риддер ЖЭО-сын жөндеу жұмыстары 15 қыркүйекке дейін аяқталады – Ахметов

Жарияланды

Риддер жылу электр орталығын жөндеу жұмыстары жақын арада басталады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов айтты.

Даниял Ахметов жылу энергетикасымен, жылу электр орталықтарын жөндеумен, мамандандырылған жабдықтарды орнатумен айналысатын кәсіпорындардың басшыларымен кездесу өткізді.

«Біз жақын арада Риддер жылу электр орталығын жөндеуді бастаймыз, бұл кешенді тәсіл – барлық алты қазандық агрегаттарын (үш жоғары қысым және үш орта) және жылу орталықтарын күрделі жөндеу болады. Бүгін кешке аталмыш компаниялар тікелей Риддер ЖЭО-на жасаған жедел талдау нәтижелерін ұсынады. Әрі қарайғы әрекеттер алгоритмі қазірдің өзінде түсінікті болады. Бұл үшін қаржылық мүмкіндіктер бар, жабдықтың бір бөлігі сатып алынды»-деді Ахметов.

Оның айтуынша, жаңа жылыту маусымында төтенше жағдайлар болмауы үшін 15 қыркүйекке дейін барлық жөндеу жұмыстары аяқталуы қажет.

«Жылу көзінің кредиторлық берешегі үш миллиард теңгеден асатынын, тиісті талап арыздар берілгенін атап өтемін. ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында еліміздің энергетикалық объектілерін мемлекет меншігіне алу туралы заң әзірленуде және оны қабылдағаннан кейін Риддер ЖЭО коммуналдық меншікке берілуі мүмкін.  Жаңа жылыту маусымында төтенше жағдайлар болмауы үшін 15 қыркүйекке дейін барлық жөндеу жұмыстары аяқталуы керек»-деді әкім.

Сондай-ақ оқыңыз