Қазақстан Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация орталығына айналуға дайын – Тоқаев

Жарияланды
Токаев
Фото: Акорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

  Президент Қазақстан Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация аясында қай саланы дамытуға мүдделі екенін атады.

«Қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстан өзінің географиясы мен мүмкіндіктерін ескере отырып, Еуразиялық өнеркәсіптік кооперацияны дамыту орталығы ретінде әрекет етуге дайын. Бұл электромобильдер, магистральдық локомотивтер, вагондар, ауылшаруашылық және жеңіл техникалар, құрылыс материалдары мен химиялық өнімдер шығаратын бірлескен кәсіпорындар болуы мүмкін», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ оқыңыз