Шымкенттегі мектептердің бірі 2,7 млн теңгеге 20 доп сатып алмақ болған

Жарияланды
Мяч за 232 тысячи хотели купить для школы в Шымкенте

Қалалық білім басқармасының «№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы» 2,7 миллион теңгеден астам қаржыға 20 доп сатып алмақшы болған.

Шымкент қаласында білім беру мекемесі баскетбол добын 232 000 теңгеге сатып алуды жоспарлаған.

«Тауардың әрбір бірлігі 2-ден 10 есеге дейін асыра бағаланып есептелген.
Мемлекеттік мекеме баскетбол добын 232 мың теңгеге, ал волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына жоспардың тармағын қайта қарау туралы ұсыныс хат жолдады. Нәтижесінде 2,2 млн. теңгеден астам қаржы үнемделді»-деді  сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Дәурен Ерғарин.

Айта кетейік, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сатып алу нарығының ашықтығы мен қолжетімділігін арттыратын «Бірыңғай сатып алу терезесі» веб-порталына үнемі мониторинг жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыз