Жаңалықтар

Қырғызстанда мигранттарға мемлекеттік ипотека беру ұсынылды

Қырғызстанда Көші-қон мәселелері жөніндегі кеңестің отырысында депутат Жаңыбек Асанбеков мигранттарға мемлекеттік ипотека бағдарламасы бойынша квоталар бөлуді ұсынды. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады.

«Біздің әйелдер баспана сатып алу, балаларын асырау үшін басқа мемлекеттерде жұмыс істейді. Қазір Бішкекте 5 мың пәтер тұр. Осал отбасыларға жеке квота бөлінеді екен. Мигранттарға да осындай квоталар бөлуді ұсынамын», – деді Жаңыбек Асанбеков.

Қырғызстан Еңбек Министрінің орынбасары Нұрболат Базарбаевтың айтуынша, 1,2 миллион қырғыз азаматы басқа елде жұмыс істейді.

АҚШ пен Канадада-56 мың, Қазақстанда — 45 мың, Түркияда — 26 мың, Германияда — 11 мың, Оңтүстік Кореяда — 8,4 мың, Италияда — 6 мың, Австрияда-5 мың. Қырғызстаннан Ресейге ең көп қоныс аударушылар-1 миллионға жуық адам.