Қырғызстан президенті мектепте ата-аналардан ақша жинауға катаң тыйым салды

Жарияланды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мектепте оқушының ата-анасынан ақша жинауға тыйым салды, деп хабарлады оның баспасөз қызметі.

Жарлықта мемлекеттік жалпы білім беру ұйымдарына қажетті тұрмыстық заттарды жөндеуге, қорғауға және сатып алуға қаражат міндетті түрде Қырғызстанның мемлекеттік бюджетінен бөлінуі керек делінген.

Президент Білім министрлігіне бір ай көлемінде мемлекеттік мектептерде ақша жинауға тыйым салатын нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеуді тапсырды. Онда заңды бұзғандар үшін жауапкершілік көзделуге тиіс.

«Мектептердің педагогикалық қызметкерлері мен әкімшілік қызметкерлеріне оқушылардың ата – аналарынан ақша жинауға тыйым салынады», – делінген құжатта.

Сонымен қатар, Жарлыққа сәйкес, оқушылар мен олардың ата-аналарына заңсыз ақша алу немесе моральдық-психологиялық қысым көрсету фактілері анықталған жағдайда, кінәлі адамдарға атқаратын қызметінен босатылғанға дейін тәртіптік жаза қолдану қажет.

Сондай-ақ оқыңыз