ҰБТ-ның бірінші аптасында талапкерлердің 24%-ы шекті балл жинай алмады

Жарияланды

ҰБТ басталғаннан бері 40 мыңнан астам адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 70%-ы қазақ тілінде, 30%-ы орыс тілінде, 50 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

«Негізгі ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. Тестілеу 5 шілдеге дейін өтеді. Естеріңізге салсам, тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестіленушілердің басым бөлігі, атап айтқанда, 20% пайызы «Математика-Физика» пәндер комбинациясын тапсырды. 14 пайызы «Биология-Химия» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалатын комбинация – «Химия-Физика», оны 50 адам тапсырған», – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев

ҰБТ басталғалы шекті балды 76 пайызға жуық талапкер жинады. Орташа балл – 68. Ең жоғары балл – 137.

Сондай-ақ, Биылғы ҰБТ бойынша бейнежазбаларға 31 қазанға дейін талдау жасалады. 

ҰБТ-ға бірінші аптада ерекше білім беру қажеттіліктері бар 108 талапкер қатысқан.

Сондай-ақ оқыңыз