Түркияда 28 мамырда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:00-ден президент сайлауының екінші туры басталды, ол 13-ші мемлекет басшысы кім болатынын көрсетеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Түркияда сайлау учаскелері таңғы 8:00-де ашылып, жергілікті уақыт бойынша 17:00-де жабылады.
Елде дауыс беруге арналған 191 мыңнан астам жәшік орнатылған.
Түркиядағы президент сайлауына екі кандидат қатысып жатыр – қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған және біріккен оппозицияның жетекшісі Кемал Кылычдароғлу. Президенттікке үміткерлер Синан Оган мен Мухаррем Индже сайлаудан халықтың қолдауы болмағандықтан шығып қалды
14 мамырда өткен дауыс берудің бірінші турының қорытындысы бойынша ел президенті анықталған жоқ.
Шетелде тұратын Түркия азаматтарына дауыс беру процесі 24 мамырда аяқталды.
Сайлау учаскелері сағат 17.00-де жабылғаннан кейін дауыстарды санау басталады.
Сайлау қорытындысы кешкі сағат 21:00-ден кейін жарияланады.